21.05.2019-ғы № 4985/1.4-15/8132 шығыс хаты |
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент
қалаларының, облыстардың әкімдіктеріне
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 1 сыныпқа қабылдау мәселесіне қатысты төмендегіні хабарлайды.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 31-бабының 1-тармағына сәйкес, 1 сыныпқа оқуға алты жастан бастап балалар қабылданады. Аталған норма 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.
Білім беру ұйымына қабылдау ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Ереже) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Аталған Ереженің 9-тармағына сәйкес осы ретте мынадай құжаттар қажет:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026 / у-3 нысаны);
4) көлемі 3х4 см фотосурет – 2 дана.
Мектеп әкімшілігінің басқа да құжаттары ата-аналардан талап етуге құқығы жоқ.
Ереженің 9 тармағына сәйкес даярлық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымдарына қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қол жетімділігін қамтамасыз ете отырып, мектепке қабылдау нормасы сақталған.
2019-2020 жылғы 1 қыркүйекте 1 сыныпқа 6 жастағы балалар, сондай-ақ, ата-аналардың қалауы бойынша ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін алты жасқа толған балалар қабылданатын болады.
Ереженің 7-тармағына сәйкес баланың немесе білім беру ұйымының таңдауы бойынша білім алушының ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің баланың тілегі, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып құқығы көзделген. Осыған байланысты аймақтардағы, әсіресе Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы мектеп әкімшіліктеріне ата-аналардың тілегі мен мектептің мүмкіндіктерін ескере отырып қабылдау бойынша барынша жағдай жасау қажет.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға қатысты
ҚР «Білім туралы» Заңының 30-бабына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту алты жасқа дейін отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, бес жастан бастап мектепалды даярлық сыныптарында, отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің мектепалды даярлық сыныптарында (лицейлер, гимназиялар) жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес мектеп жасына жеткен балаларды мектепке дейінгі ұйымнан шығару жыл сайын 1 тамызға дейін жүзеге асырылады.
1 қыркүйекте 6 жасқа толмаған балалар мектеп жасына толғанға дейін отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарында тәрбиеленіп, оқиды.
Оқуға қабылдауды ұйымдастыру жауапкершілігі орта білім беру ұйымдарының барлық түрлерінің бірінші басшыларына жүктеледі.
Баяндалғанның негізінде осы ақпаратты әрбір орта білім беру ұйымына жеткізуді сұраймыз.
Вице-министр Ф. Жақыпова
Ш.Е. Қасымова
742042