2025–2026 оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспары
2025–2026 оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспары
Аршалы кенті «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2025–2026 оқу жылына арналған Жұмыс оқу жоспары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес бекітілді.
Мектептегі оқу процесі:
-
бес күндік оқу аптасы бойынша;
-
екі ауысымда;
-
оқыту тілі – орыс тілі;
-
шет тілі ретінде ағылшын тілі оқытылады.
Мектепте 503 оқушы білім алады, 23 сынып жұмыс істейді.
Оқу жоспарының негізгі ерекшеліктері:
-
оқу жоспары бастауыш (1–4 сыныптар), негізгі орта (5–9 сыныптар) және жалпы орта білім (10–11 сыныптар) деңгейлерін қамтиды;
-
10–11 сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша бейінді оқыту жүзеге асырылады;
-
«Жаһандық құзыреттіліктер» курсы енгізілген;
-
вариативтік бөлім мен элективті курстар қарастырылған;
-
сыныптарда 20 және одан көп оқушы болған жағдайда тілдер мен информатика пәндері бойынша топтарға бөлу жүргізіледі;
-
ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін үйде жеке оқыту жоспарлары қарастырылған.
Жұмыс оқу жоспары:
-
функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға;
-
сыни ойлау мен зерттеушілік дағдыларды дамытуға;
-
білім алушылардың әлеуметтенуіне және білім сапасын арттыруға бағытталған.