«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

Соцсети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру.

Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрықпен Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) бекіткендігін хабарлайды.

Орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстары, мектеп директорлары мен кәсіпкерлердің Министрлікке келіп түскен өтініштері ескеріле отырып, жаңа Қағидаларда мыналар қарастырылды:

- мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін енгізу (қажетті технологиялық жабдықтармен мектептердің асханаларын толық жабдықтау үшін);

- кәсіпкердің қоғамдық тамақтану саласындағы жұмыс тәжірибесі үшін қосымша балл алу мүмкіндігін ұсыну;

- технологтың, өндіріс меңгерушісінің мамандығы бойынша шектеулерді алып тастау (бұрын қолданыста болған «қоғамдық тамақтану технологиясы» «қоғамдық тамақтану саласында» деген сөздерге  өзгертілді);

- қызмет көрсетушілерінің өнімдерді жеткізу үшін автокөліктің болуы бойынша критерийді алып тастау;

- «персоналға арналған арнайы киімнің және дезинфекциялық құралдардың болуы» өлшемшарттарын алып тастау (себебі санитарлық ережелерден осы талаптар алынып тасталды) және т. б.

Сондай-ақ, өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда шартты ұзарту (екі реттен артық) туралы норма бұрынғы редакция қалады.

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының                37-бабына нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды.

Осылайша, өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда, 2017, 2018 жылдары конкурс өткізілген жағдайда, қолданыстағы өнім берушімен шарт 2019 жылға ұзартылады (яғни екі реттен артық емес ұзартылады).

Жоғарыда баяндалғанның негізінде білім беру органдары мен ұйымдарын жоғарыда көрсетілген бұйрықпен таныстыруды және тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұраймыз.

Қосымша: 128 б.


 

Вице-министр                                                                           Б. Асылова

 

Жаңартылған күні: 30.01.2019 09:46
Құрылған күні: 30.01.2019 09:46

Текст