1. 1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары. Заңды мекен –жайы: Аршалы кенті , Республика көшесі, 19
2) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, білім саласында 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі
1. 403003 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына ведомстволық бағынуына қарамай жалпы орта білім беру бағдарламалар бойынша білім алу үшін білім беру ұйымдарға қабыл алу және құжаттарын қабылдау»
2. 403004 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде оқыту жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау »
3. 403010 ««Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету»
4. 403017 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»
5. 803005 «Орта негізгі, жалпы орта білім туралы төлқұжаттарды беру»
6. 3105001 «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»
2024 жылы 155 қызмет көрсетілді;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 3;
«Электрондық үкімет порталы» - 99.
-электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 102 ;
- қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 53.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
403003 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына ведомстволық бағынуына қарамай жалпы орта білім беру бағдарламалар бойынша білім алу үшін білім беру ұйымдарға қабыл алу және құжаттарын қабылдау»
403017 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аудандағы барлық мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 3 мемлекеттік қызмет қолжетімді
. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2025 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.