«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

Соцсети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық Иманжүсіп оқулары.

23.12.2020

Аудандық  Иманжүсіп оқулары.

       Біздің мектеп оқушылары аудандық «Иманжүсіп оқулары» байқауына  белсенді қатысты.

       Байқаудың мақсаты – оқушылар арасында  Иманжүсіп Құтпанұлы шығармашылығын  насихаттау, аудан көлемінде   дарынды оқушыларды анықтау мен ынталандыру. 

       10  «Б» сынып оқушысы, Биджиева Эмина , «Ақынмен сырласу » бағытына  қатысты.  И. Құтпанұлының өлеңін   бейне форматында  орыс тілінде  оқып шықты.

Байқаудың қорытындысы бойынша Эмина  2-ші орынға ие болып, диплом әрі медалмен марапатталды.

      10  «А» сынып оқушылары Подболячная Ангелина мен Ткалич Артем да «Ақынмен сырласу » бағытына  қатысты.  Оқушылар И. Құтпанұлының өлеңдерін    бейне форматында қазақ  тілінде  оқып шықты. Ангелина 3-ші орынға ие болып , диплом әрі медалмен марапатталды. Артем белсенді қатысқаны үшін сертификаттпен марапатталды.

      9  «А» сынып оқушысы Эберлинг Ангелина және 10  «А» сынып оқушысы Костицина Ирина  «Иманжүсіп әлемі» тақырыпта  эссе  жазуына қатысты.

      Байқаудың қорытындысы бойынша Ангелина   3-ші орынға ие болып, диплом  әрі  медалмен марапатталды. Костицина Ирина белсенді қатысқаны үшін сертификаттпен марапатталды.

 

Жарайсыңдар,  оқушылар !!! Тек қана осылай биіктен көріне беріңдер!!!

Сендерге алда  шығармашылық табыстарды тілейміз!!!

Просмотров: 254


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст