«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

Соцсети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын!

25.05.2020

Құрметті оқушылар, ата-аналар!

Оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын! Тарихта алғашқы рет, тағдырдың жазуымен төртінші тоқсан бойы  біз қашықтықтан білім алып оқыдық. Бүгін  бүкіл еліміз бойынша   сынып сағаттары  онлайн-форматта өтіп жатыр, мектеп түлектері мемлекеттік емтихандарды тапсырмайды, ал мектептен түлектендіру  мерекелерден бас тартып,  аттестаттар салтанатты түрде тек 11-сынып  оқушыларына ғана тапсырылады. Бұл шаралар сіздердің денсаулықтарыңызды сақтау  үшін жасалып жатыр. Бұл қадамдарымыздың дұрыстығын  өмір өзі көрсеткелі тұр.

№1 Аршалы орта мектебі оқу жылын жақсы нәтижелермен аяқтады: жыл соңында бізде 486 оқушы, 13 мектеп түлектерінің арасында  ерекше «Алтын белгі» төсбелгісінің  иесі - Майер Виолетта . Омертаев Абай мен  Белан Александр ерекше үлгілі  аттестат алады. Биыл 9 сыныпты 52 оқушы аяқталғалы тұр. Олардың ішінен ерекше үлгілі аттестаттқа  екі оқушы ие болады.Бұл -  Биджиева Эмина және  Цап Юрий. Олар мектебіміздің мақтаныштары! Оқушыларымыз жыл ағымында түрлі байқауларға, аудандық және облыстық деңгейіндегі іс-шараларға белсенді қатысты.

         Бүгінгі күні мен ең алғашқыда  ата-аналарға ризашылығымды білдіргім келеді. Себебі: ата-аналар бір тоқсан бойы балалрымен бірге оқып, үй тапсырмаларын орындап, түсініксіз тақырыптарды түсіндіріп, қолдарынан келгенше балаларына қолдау көрсетіп,  қастарында болды. Ата-аналармен байланыста болдық. Нәтижесі көзге көрініп тұр! Төртінші тоқсан бойынша білім сапасы жоғарлады. Құрметті ата-аналар, балаларымызды оқыту жолындағы қолдауларыңыз үшін, көмектеріңіз бен төзімділіктеріңіз үшін үлкен рахмет!

         Балалар, өздеріңе айтарым: сендер- үлкен істі атқардыңыздар!Бір тоқсан бойы сендер компьютерлік бағдарламаларды меңгеріп, білім жинақтап, оқу материалын өз ынталарыңмен меңгеріп, бақылау жұмыстарын орындап, зор әрі белсенді еңбек еттіңдер. Мен білемін, сендер өте тырыстыңдар. Бұл , шынымен де , өте қиын, ауыр іс. Алайда , сендер бұл істі  жасай  алдыңдар!

         Өкінішке орай, 9 сынып оқушыларына негізгі орта білім туралы  аттестаттар қолдарына тапсыра алмаймыз. Балалар, мен сендерге дұрыс таңдау жасай алуды тілеймін! Қазіргі сәтте бір шешімге келу керек: 10 сыныпта оқуды жалғастыру немесе колледжге түсіп оқу. Тілейтінім: тек қана сәттілік, табыс,  мақсаттарыңа жете беріңдер!

         Қымбатты мектеп түлектері! Сендерге тілейтінім –өздерің армандаған жоғары оқу орындарының  есіктерін ашатын ҰБТ-ны табыспен тапсыру. Таңдап алған мамандықтарың әрдайым еңбек нарықтығында қажетті болатын болсын. Тағы да тілейтінім: болашақ кәсіптерің тұрақты табыспен қатар өздеріңе ләззатты да  әкелетін болсын!Мен сендерге сенемін де еліміздің нағыз азаматтары болатындарыңды білемін.  Оқушылар! Сәттілік тілеймін!

         Мектеп оқушыларына жылы жаз мезгілін, жақсы демалуды, теңіздей жағымды эмоцияға толы  жақсы демалыс тілеймін.

      №1 Аршалы орта мектебінде 1 қыркүйекте сіздерді тағыттана күтеміз!

      

                                                                   Директор АСШ №1  Клименко Е.А.

Просмотров: 342


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст