Күні,айы: 14.12.2017 Сабақтың тақырыбы: |
4-сынып қазақ тілі №1 АОМ Мереке күні |
| ||||
Жалпы мақсаттар: |
Оқылым,тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу. Оқу техникасын жандандыру. Сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыру. Өзін - өзі реттеуді. Өз бетімен ізденуге және топпен жұмыс жасауға үйрену. |
| ||||
Күтілетін нәтиже
|
Тақырып бойынша меңгерген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрауға, сөйлеуге үйренеді. «Мерекелер» тақырыбында қойылған сұрақтарға жауап береді. Сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасады. Өзін- өзі реттеуді үйренеді. Өз бетімен ізденуге және топпен жұмыс жасауға үйренеді. |
| ||||
Сілтеме |
Қазақ тілі 4-сынып «Атамұра» Қазақ тілі әдістемесі. «Атамұра» 2014ж.Қосымша материалдар. |
| ||||
Көрнекілігі |
Интерактивті тақта, маркер, қағаздар, стикерлер. |
| ||||
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің іс - әрекеті
|
Әдістер мен тәсілдер |
Оқушының іс - әрекеті |
| ||
Сабақтың басы. 1.Ұйымдастыру 3 мин |
Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Сабақты әнұранмен бастау. Әріп кескіндермен бөлу. |
Жайлы атмосфера қалыптастыру |
Шаттық шеңберін құрып бір-біріне сәттілік тілейді.
Топқа бөлінеді. |
| ||
2. Білімдерін тексеру (Білу)3 мин |
Үй тапсырмасын сұрау: Қайталау. Сұрақ –жауап. Олар не істеп отыр? |
Ой қозғау |
Кезекпен оқиды. Түсінгендерін айтады. Сөйлем құрап сөйлейді. |
| ||
Қызығушылық ояту 3 мин |
Суретпен жұмыс. Әр топ ой бөліседі. Суретте не көріп тұрсыңдар? Қандай мерекелерді білесіңдер? Ол мерекелер қашан тойланады? |
Миға шабуыл |
Мемлекеттік мерекелер туралы айтады.
|
| ||
Сабақтың ортасы. 4.Жаңа сабақ (Түсіну) 10 мин |
Сабақтың мақсатын қою.Сабақтың тақырыбы,өткізілетін материал туралы түсінік беру. Нені оқимыз?Мереке деген не? Мемлекеттік мерекелерді білдік. Енді сол мереке күні кім не істейді? Кім өлең оқиды? Кім ән айтады? Кім би билейді? Кім гүл жасайды? Кім ашықхат жасайды? Жаңа сөздерді аударып сөздік дәптеріне жаздырады. жасау – делать оқу – читать билеу – танцевать көмектесу – помагать Сөздерден сөйлемдер құрастыру және аударып мағынасын сұрайды.
|
Қалай оқу керектігін үйрену |
Сабақ тақырыбын оқушылар қояды. 1. Оқушылар мұқият тыңдап отырады.
Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар әр түрлі жауаптар айтады.
Біз алған білімімізді өмірде қолдана білу.
Дәптерлеріне жазады. |
| ||
Сергіту сәті 2 мин |
Бейнеролик арқылы ән тыңдап, соған билейді. |
|
Жаттығу жасап сергіп,көңіл күйлері көтеріледі. |
| ||
6. Пысықтау (Талдау) 11 мин
|
3-тапсырма. Сұрақ-жауап жұмысын әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жүргізу. - Сен не істеп отырсың? - Сен не істеп жатырсың? - Сен не істеп тұрсың? - Сен не істеп жүрсің? 4-тапсырма. Суреттердегі іс-қимылды сөйлемдермен сәйкестендіріп, айырмашылығын айту. Оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастыру. 5-тапсырма арқылы жазылым әдісін жандандыру. Көсемшенің –ып, -іп, -п жалғауларын етістіктерге дұрыс жалғатып, дәптерлеріне жаздырады. 1. Мен өлең оқып... отырмын. 2. Мұғалім мені тыңда... отыр. 3. Оқушылар сурет сал... жатыр. 4. Анар гүлдерге қара... тұр. 5. Әсет домбыра тарт... отыр. |
АКТ оқыту әдісі |
Сұрақтарға жауап береді. Суретпен жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Тілдесім әрекетінде сұраққа жауап береді . Оқушылар тақтаға жеке- жеке шығып, бейнелеу әдісі арқылы бір қимыл көрсетеді. Ал басқа оқушылар оның не істеп тұрғанын айтады. Смайликтермен бірін- бірі мадақтайды. Жаттығу жасап көңілдері Көтеріледі |
| ||
Сабақтың соңы. 7.Қорытындылау (Жинақтау) 3 мин
|
3.Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою: - Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? - Сабақта не үйрендік? - Жаңа сөздерді айтып бер. |
Диалогтік оқыту әдісі |
Аударады сұраққа жауап береді. Әңгімелейді. 3-тапсырма. Мәтінді түсіндіріп, оқыту. Қазақстан – біздің Отанымыз. Астанасы – Астана қаласы. Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мен Отанымды сүйемін. |
| ||
Үйге тапсырма 1мин |
Сөздерден сөйлемдер құрап келу. |
|
Күнделіктеріне жазады. |
| ||
8.Бағалау. 2мин |
1.Өзін-өзі бағалады. Бағдаршам арқылы. Қызыл-мүлдем сенімсіз Сары-сенімсіздеу Жасыл – түсінікті |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. |
Қорыту өз жұмыстарына баға беру. |
| ||
Рефлексия (Кері байланыс) 2 мин |
Бағдаршам арқылы сабақты бағалайық. «Қызыл» - сабаққа қатыспадым, сабақты түсінбедім. «Сары» - сабаққа белсенді түрде қатыстым, аз да болса топқа пайдам тиді. «Жасыл» - сабақ маған ұнады. Сабақта берілген оқу материалын жете түсіндім. Өзіме қажеттісін алдым. |
|
Стикерлер арқылы пікірлерін білдіреді. |
| ||