«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

Соцсети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ауғанстан - жадымыздағы мәңгі азабымыз.

20.02.2023

Ауғанстандағы соғыс-Кеңес дәуіріндегі шежіренің ең қайғылы беттерінің бірі. Ол соғыс ардагерлерінің ғана емес, барлық кейінгі ұрпақтардың жадында мәңгі қалады. Ауған соғысына 650 мың Кеңес әскері қатысты. Олар әскери қызмет ету үшін   жас бозбала бола  кетіп, соғыс ардагерлері болып  оралды. Олар өздерінің халықаралық міндеттерін абыроймен орындады. Бүгінгі  ұлдар мен қыздар  сол соғысты есте сақтап,  қайтыс болған батырлар туралы естеліктерін сақтауы керек

15 ақпан- Ауған соғысына қатысқандар үшін ерекше күн. Бұл күн Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығарудың басталу күні. Біздің бүгінгі концертіміз сол соғысқа қатысқан жерлестерімізге арналды. Өкінішке орай  бәрі де үйге тірідей оралмады. Ауғанстанда қаза тапқандардың арасында біздің мектептің түлегі бар – Бережной  Юрий Федорович. Таңда  оның ескерткіш тақтасында еске алу вахтасы  ұйымдастырылды. Мектепке жыл сайын интернационал- жауынгерлер  гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетуге келеді.

 Ауған соғысының ардагерлерін холлда мектеп директорының міндетін атқарушы А.М. Мұхамедина мен АӘТД  мұғалімі А. Б. Әуесхан қарсы алды. Балалар қол шапалақтап тұрып Ауған соғысының батырларын қарсы алып, құрмет пен ризашылық белгісі ретінде оларға гүл сыйлады. Бір минут үнсіздікпен  қаза тапқан барлық сарбаздарымыз бен офицерлерімізді еске алып, рухтың ең жоғары күшін, жанқиярлықты, жауынгерлік борышын орындап, батырлықты  көрсеткендерге құрмет көрсеткен жауынгерлерге  өлеңдерін  оқыды, "Интер" тобы сол жылдардағы әндерді шырқады. Кіші буын қыздары біздің 9-сынып оқушылары Ащеулова Яна мен Асанова Венераның жетекшілігімен дайындаған билерін  биледі.

Бұл іс-шара интернационалист жауынгерлердің  өз халқына деген батылдық, патриотизм және мақтаныш сезімін тәрбиелеуге бағытталған. 

Мұндай сыныптан тыс жұмыс түрлері біздің мектеп оқушылары мен түлектерінің  жадында ұзақ уақыт сақталады.

Просмотров: 154


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст