Текст
09.04.2026
2 сәуір күні мектебімізде аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай «Көк түспен жарықтандыр» акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар белсенді қатысып, тақырыптық стенд безендіріп, аутизмнің символы — пазл элементтерімен жұмыс жасап, аутизм спектрінің бұзылыстары туралы маңызды ақпараттармен танысты.
Педагогтарға ақпараттық жадынамалар таратылып, олар адамдардың даму ерекшеліктеріне түсіністікпен қарап, толерантты көзқарас қалыптастыруға бағытталды.
Мұндай іс-шаралар эмпатияны дамытып, мектепте қолдау мен мейірімділік атмосферасын қалыптастырады.
Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз💙