18.03.2026
2025-2026 оқу жылының ІІІ тоқсанында мектебіміздің оқушылары қазақ тілі мен әдебиетінен өткен зияткерлік олимпиадаларға белсене қатысты және жақсы нәтижелер көрсетті.
10-сынып оқушысы Пимонова Алина 27.01.2026 ж. өткен «Жарқын болашақ» Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде «Жас қаламгер» номинациясында ІІ жүлделі орынды жеңіп алды (жетекшісі - А.Е.Кайрмденова).
Жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» Республикалық зияткерлік олимпиадасында да оқушыларымыз қазақ тілінен жақсы деңгейлерін көрсетті:
- 9-сынып оқушысы Кулаков Андрей, қатысушы сертификаты (жетекшісі – Ж.К.Муканова);
- 6-сынып оқушысы Чегодаев Кирилл, ІІІ дәрежелі диплом (жетекшісі – Б.Е.Дәуіт);
- 6-сынып оқушысы Торопова Диана, қатысушы сертификаты (жетекшісі – Б.Е.Дәуіт);
- 4Б сынып оқушысы Раменская Софья, ІІІ дәрежелі диплом (жетекшісі – С.Төлеген);
- 6-сынып оқушысы Меркер Илья, ІІІ дәрежелі диплом (жетекшісі – Д.Б.Утепбаева).
Оқушыларымызға алдағы уақытта да жеңістер мен жетістіктер тілейміз.