18.12.2025
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы — теңге күніне орай, атап айтқанда 15 қараша қарсаңында, "Аршалы кентінің №1 жалпы орта мектебі" КММ-де бастауыш сынып оқушыларына арналған сынып сағаттары өткізілді. Солардың бірі «Ұлттық валюта — ел тәуелсіздігінің символы» тақырыбындағы танымдық сынып сағаты болды.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың ұлттық валютаның тарихы, оның маңызы мен тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөлі туралы білімдерін кеңейту. Сабақ барысында оқушылар теңгенің енгізілу тарихымен, алғашқы банкноттардың дизайнының жасалуымен, сондай-ақ ұлттық валютаны әзірлеуге атсалысқан тұлғалармен танысты.
Сынып сағатының соңында оқушылар теңге — жай ғана ақша емес, Қазақстанның тәуелсіздігі, бірлігі және болашағына деген сенімінің символы деген қорытынды жасады.
Сонымен қатар, іс-шара аясында «Мұз үстіндегі қауіп-қатерлер» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты — оқушылардың қыс мезгілінде су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы түсініктерін қалыптастыру.