«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

Соцсети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі өтті

01.12.2025

Аршалы кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылғы қарашаның 10-нан 21-не қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі өткізілді.

Орыс тілінде білім алатын оқушылардың қазақ тіліне, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін көтеру, оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту және тілге деген құрметін қалыптастыру мақсатында  онкүндік аясында бекітілген жоспарға сәйкес ашық сабақтар мен әртүрлі сабақтан тыс іс-шаралар өткізілді:

  • 10.11.2025 ж., «Тұсаукесер жыры» тақырыбына ашық сабақ, 4Б сыныбы, пән мұғалімі С.Толеген;
  • 11.11.2025 ж., «Тұсау кесу дәстүрі» тақырыбына сабақтан тыс іс-шара, 4Б сыныбы, пән мұғалімі С.Толеген;
  • 12.11.2025 ж., «Табиғат пен адам – егіз ұғым» тақырыбына ашық сабақ, 10-сынып, пән мұғалімі А.Е.Кайрмденова;
  • 13.11.2025 ж., «Қазақша сөйлеу этикеті формаларын білесің бе?» әдептілік сабағы, 8А, 8Б сыныптары, пән мұғалімі А.Е.Кайрмденова;
  • 14.11.2025 ж., «Көркем жазу» сайысы, 4А сыныбы, пән мұғалімі Б.Е.Дәуіт;
  • 17.11.2025 ж., «Қызықты қоңырау: Сөз маржаны» білім сайысы, орта буын сыныптары, пән мұғалімі Б.Е.Дәуіт;
  • 18.11.2025 ж., Абай Құнанбаевтың 180-жылдығына орай «Абай әлеміне саяхат» тақырыбына сабақтан тыс іс-шара, 5-7-сыныптар, пән мұғалімі Д.Б.Утепбаева;
  • 19.11.2025 ж., «21 ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны, 5Б сыныбы, пән мұғалімі Г.И.Ахметова;
  • 20.11.2025 ж., «Каспий теңізі» тақырыбына ашық сабақ, 10-сынып, пән мұғалімі С.Толеген;
  • 21.11.2025 ж., «Тіл – достық көпірі» викторина ойыны, 3Б сыныбы, пән мұғалімі А.А.Абубакирова.
Просмотров: 256


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст