«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

Соцсети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жер күні

22.04.2025

Тарихы

Жер күні ресми түрде 2009 жылы БҰҰ тарапынан бекітілді. Алғашқы Жер күні 1970 жылғы 22 сәуірде ұйымдастырылды және бұл оқиға қоршаған ортаны қорғау саласында елеулі өзгерістерге әкелді. 1990 жылдан бастап Жер күні жаһандық деңгейдегі оқиғаға айналып, әлемнің 141 елінде 200 миллионнан астам адамды қамтыды. Бұл — табиғатты қорғау туралы диалогқа жол ашатын маңызды күн.

Кез келген адам Жер күніне қатысып, ағаш отырғызып, көшедегі қоқысты жинап, табиғатты қорғауға үлес қоса алады. Бұл әрекеттер — Жерімізді қорғап, сақтап қалуға септігін тигізеді.

Іс-шара

Мектебімізде Жер планетасы туралы білімді тексеруге арналған викторина өтті. Сұрақтар Жерге, оның ерекшеліктеріне арналды. Викторинаға 11-сынып оқушылары Иванова Светлана,  Раменская Эллина, Дошаклаев Артур қатысты. Іс-шараға мектептің оқушылары мен мұғалімдері белсенді қатысты. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталды.

Просмотров: 251


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст